You are here
E-Freight
TransInfoTech компаниясымен халықаралық e-Freight стандартын қолдана отырып, Customs Gateway ақпараттық-талдау жүйесі әзірленді.
E-Freight – халықаралық әуе көлігі қауымдастығы (IATA) ұсынған жүк әуе тасымалдарын электрондық рәсімдеу мен қолдаудың халықаралық стандарты. Е-Freight ақпараттық жүйесі қағаз құжаттарды тиісті электрондық құжаттарға - ауыстырады және жүктерді әуе көлігімен тасымалдауға дайындау, рәсімдеу және орындау кезінде хабарлайды. Стандартқа сәйкес 20 электрондық құжат автоматтандырылады ( 12 міндетті, 8 қосымша).
Е-Freight-ты енгізу мақсатында әуе көлігі қатысушылары арасында ақпарат алмасу үшін бірыңғай ақпараттық ортаны қамтамасыз ету, сондай-ақ жүк рәсімдеу процессінің барлық тізбегінің ашықтығын қамтамасыз ету болып табылады.
- Әлемнің 49-дан астам елі осы стандартты пайдаланады
- Стандарт 2006 жылы Халықаралық әуе көлігі қауымдастығымен алғаш рет енгізілген
- 20 электрондық құжат стандартқа сәйкес автоматтандырылады
Е-Freight ақпараттық жүйесінің бағдарламалық функциялары:
- ҚР мемлекеттік деректер базасы мен Ұлттық куәландырушы орталығының тіркеу куәліктерін пайдалана отырып, СЭҚ-қа қатысушыларды сәйкестендіру
- Әуе жүгі тасымалы қатысушыларына ақпарат және кеңестер беру
- Мүдделі органдар мен ұйымдар арасында электрондық құжаттар мен хабарламаларды алмасу
- Экспорттық-импорттық операцияларды жүзеге асыру бойынша рәсімдер жүргізу үшін электронды құжаттарды мемлекеттік органдарға беру
- Мүдделі ведомстволар қызметінің нәтижелеріне мониторинг жүргізу және статистикалық ақпарат алу
ИННОВАЦИЯЛЫҚ ШЕШІМДЕР
-
Үдерістің айқындылығы Нақты уақыт режимінде жүк туралы өзекті ақпаратқа тұрақты түрде қол жеткізу мүмкіндігі
-
Жоғары сенімділік Аутентификациялау рәсімінің жоғары сенімділігін қамтамасыз етеді
-
Жүк тасымалының тиімділігін арттыру Бір терезе принципі жүк тасымалын ұйымдастыру процесін жеңілдетуге және көліктік және сондай-ақ ведомствоішілік шығындарды азайтуға мүмкіндік береді
E-FREIGHT СТАНДАРТЫН ПАЙДАЛАНУДЫҢ АРТЫҚШЫЛЫҚТАРЫ (IATA БАҒАЛАУЫ БОЙЫНША)
- Үдерістердің айқындылығы Электрондық құжаттама үдерістің барлық қатысушыларына нақты уақыт режимінде тасымалдар мәртебесін қадағалауға мүмкіндік береді
- Уақытты үнемдеу Шешімдер жүк тасымалы бойынша деректерді өңдеу және беру уақытын айтарлықтай қысқартуға мүмкіндік береді
- Жоғары сенімділік пен дәлдік Жүк жөнелту пункітінде бастапқы деректерді бір рет енгізу
- Шығындарды азайту Әлемдік салада жыл сайын 4,9 миллиард долларға дейін жиынтық үнемдеу
E-FREIGHT – МЕМЛЕКЕТТІК ОРГАНДАРДАҒЫ ВЕДОМСТВОАРАЛЫҚ ПРОЦЕСCТЕРГЕ АРНАЛҒАН БІРЫҢҒАЙ ПЛАТФОРМА
Қазақстанда әуе жүгі тасымалының қатысушылары болып табылады:
ҚР инвестициялар және даму министрлігі
- Е-Freight АЖ әкімшілендіру
- Е-Freight АЖ әзірлеу және пайдалану Ережесін бекіту
- Е-Freight АЖ мен АЖ-ҚР ҚМ МКК-әзірлеу және өзара іс-қимыл Ережесін бекіту
ҚР ҚМ мемлекеттік кірістер комитеті
- Ақпаратқа қол жеткізу
- АЖ e-Freight біріктіру
- Статистика жүргізу
- Кедендік бақылауды қамтамасыз ету
ҚР ИДМ азаматтық авиация комитеті
- Ақпаратқа қол жеткізу
- Деректерді жинау, өңдеу және сақтау
- Әуе көлігімен жүк тасымалдауға байланысты оқиғалар жөнінде жүк алушылар мен жүк жөнелтушілерге хабарлама жасау
- Әуе көлігімен жүк тасымалдау құрамы мен көлемін талдау
Әуетасымалдаушылар
- Ақпаратқа қол жеткізу
- Әуе жүк құжатын беру
- Жүк құжаттарын қабылдау
- Қабылданған ұшу туралы деректерді шлюзге жіберу
Әуежайлар
- Ақпаратқа қол жеткізу
- Жүктерді тіркеу, жөнелту, сақтау, беру және транзит
- Жүкті орналастыру туралы хабарлама
Уақытша сақтау жүйесі (УСЖ)
- Ақпаратқа қол жеткізу
- Жүктерді өңдеу және сақтау
Бөлісу: