You are here

Компания туралы

TransInfoTech компаниясы - көлік-логистикалық және мемлекеттік секторға ақпараттық-талдау жүйелерін әзірлеу, енгізу және қолдау саласындағы сарапшы.

Компания 2011 жылы құрылған. TransInfoTech өзінің құрылған сәтінен бастап, ақпараттық талдау жүйелерін әзірлеуге, интеграциялауға және автоматтандыруға маманданған.

TransInfoTech-тің Ресейде, Қазақстан мен Швейцарияда өкілдіктері бар.

TransInfoTech компаниясы бірқатар қызметтерді ұсынады:

  • Ақпараттық және аналитикалық жүйелердің әзірлемесі
  • IT-шешімдерін кастомизациялау
  • Қосымшалар мен кіші жүйелерді бірыңғай ақпараттық жүйелерге біріктіру
  • Техникалық қызмет көрсету

Қазіргі уақытта TransInfoTech компаниясы жүк әуетасымалдары кезіндегі электрондық құжат айналымын автоматтандыру және стандарттау бойынша e-Freight шешімдерінің ақпараттық жүйесін әзірлеу және енгізуге шоғырландырылған.

E-FREIGHT-ТІҢ НЕГІЗГІ МІНДЕТТЕРІ

  • Мәліметтерді жинау, сақтау, өңдеу, талдау, қалыптастыру және жүк әуетасымалдары жөнінде есеп беру функцияларын автоматтандыру
  • Әуекомпаниялар үшін кеден органдарын алдын ала ақпараттандыру
  • Кеден органдары алдында жүк терминалдарының / уақытша сақтау қоймаларының электронды түрде есеп беруі
  • Әуе жүгі қатысушыларына арналған заманауи ақпаратқа үздіксіз қол жеткізу
  • Қатысушы мемлекеттік органдар мен ұйымдар арасында электрондық құжаттар мен хабарламаларды алмасу

РЕСЕЙДЕ ЖҮЗЕГЕ АСЫРУ

Е-Freight стандарты Ресей Федерациясы Көлік министрлігінің басшылығымен 2012 жылдан бастап Ресейде енгізілді. Қазіргі таңда e-Freight Шереметьево және басқа әуежайлар арқылы орындалатын транзиттікпен қатар трансферлік жүк рейстерінде қолданылады.

 

Жобаға Ресейде жұмыс істейтін барлық жетекші ресейлік және халықаралық әуекомпаниялары мен әуежайлары қосылды: Аэрофлот, AirBridgeCargo Airlines, Lufthansa Cargo, Cargolux Airlines International S.A., Korean Airlines Co., Asiana Airlines, Emirates Airlines, Шереметьево халықаралық әуежайы, Толмачево әуежайы, Емеляново әуежайы, Домодедово халықаралық әуежайы, Пулково жүк терминалы.

ҚАЗАҚСТАНДА ЖҮЗЕГЕ АСЫРУ

Қазақстанда TransInfoTech мемлекеттік-жеке меншік әріптестік шеңберінде e-Freight ақпараттық жүйесін енгізу мен бейімдеуді жүзеге асырады. Жүзеге асырумен «TransInfoTech» БК» ЖШС айналысады. Қазақстан Республикасының инвестициялар және даму Министрлігі мемлекеттік әріптес болып табылады.

 

Бірінші электрондық әуе жүгі құжатын сынақ режимінде, Қазақстан Монреаль Конвенциясына қабылдау нәтижесінде Алматы қаласының әуежайы алды. Құжат KLM әуекомпаниясының жүктерді өңдеу электрондық жүйесінде құрылып, Алматы әуежайына жіберілді.

Бөлісу: